25
сентябрь
2024
Қауіпсіздік ережесінің нұсқаулығы
2024 жылдың 25 қыркүйек айында Алматы облысы ПД нұсқауы негізінде Еңбекшіқазақ ауданы аумағында орналасқан білім беру ұйымдарында жалпы аудандық жиналыс (линейка) М.Мақатаев атындағы орта мектебінде Шелек полиция бөлімінің тарапынан полиция мойоры Махмутов Ришат Ахмеджанович тарапынан 7-11 сынып оқушылары арасында өткізілді. Іс-шараға 295 оқушы қатысты. Жалпы аудандық жиналыстың өткізілуінің мақсаты кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу, ескерту және жолын кесу болып табылады. Мектеп қабырғасына суық қару, атыс қаруын, химиялық және улы заттарды, газдық құрамы бар баллондар, психотроптық заттарды алып келуге тыйым салынады, сондай-ақ қылмыстық жауапкершілік көзделгені және әлімжеттік көрсету, ұрлық, тонау, жыныстық тиіспеушілік, адам өлтіру, бұзақылық, және т.б. әкімшілік жауапкершіліктер туралы атап өтілді.