Ауыл олимпиадасының ашылу салтанаты. » М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ауыл олимпиадасының ашылу салтанаты.
20
ноябрь
2023

Ауыл олимпиадасының ашылу салтанаты.

«Алматы облысы білім басқармасының   Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі»  мемлекеттік  мекемесінің «М. Мақатаев атындағы  орта мектеп» КММ  Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023 жылдың  12 қазандағы №307 «2023-2024 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу туралы» бұйрығы негізінде ауыл мектептерінің           9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республика көлемінде Ауыл мектептерінің олимпиадасы  тұңғыш рет өткізіледі. Олимпиада  мақсаты -  Қазақстан Республикасының ауылдық жерлеріндегі мектеп оқушыларының дарындылығы мен қабілеттерін анықтау және қолдау үшін оңтайлы жағдай жасау, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды іріктеу, олардың одан әрі зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануы. Олипиаданың өткізілуіне жауапты оқу ісі жөніндегі әдіскері Мырзахметова Куралай Нусипхановнамен, информатика пәні мұғалімі Заинавдинова Тахмина Муталиповна жауапты деп бекітілді. Бүгінгі олимпиадаға 15 оқушы тіркеліп қатысады. Олипиаданың ашылу салтанаты ұйымдастырылып, Қазақстан Республикасының Гимніні арқылы ашып бастадық.  Алғашқы сөз кезегін Алдажарова Бахытгуль Уалиевна алып оқушыларға сәттілік тіледі. Ауыл әкімінің орынбасары Аухадиев Бахытжан Айтжанұлы бүгінгі олипиаданың маңызын айта отырып, оқушылардың сәтті тапсырып, жеңістерге жетуіне тілектес білдірді. Алғашқы ағылшын тілінен басталған олимпиаданы оқушыларымыз тапсырып жатыр, оқушыларға тек сәттілік тілейміз