Тәрбие ісінің талдауы » М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
21
июнь
2023

Тәрбие ісінің талдауы

Тәрбие жұмысының талдауы


ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ


1.          Жаңа қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбиелеу, құқықтық тәрбие. 

Мақсаты: Отанға ұтымды және эмоционалды қарым-қатынасы, мемлекет пен қоғамның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңсыздыққа қарсы тұратын, балалар мен жастар ортасында қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға дайын заңдарын меңгеру және сақтау қажеттілігі бар патриот пен азаматты қалыптастыру

2.         Рухани-танымдық тәрбие.

Мақсаты: Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпы адамзаттық құндылықтарымен, нормалары мен дәстүрлерімен келісетін рухани-адамгершілік және этикалық қағидаларын, оның моральдық қасиеттері мен ұстанымдарын қайта жаңғырту туралы "Рухани жаңғыру" құндылықтары негіздерінің, оның ішінде "Құндылықтарға негізделген білім беру", "Қоғамға қызмет" жобаларын іске асыру арқылы терең түсінігін қалыптастыру

3.         Ұлттық тәрбие

Мақсаты:   Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ  халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау


4.         Отбасылық тәрбие. 

Мақсаты:  жеке тұлғаны жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарға, ана тілі және мемлекеттік тілге, қазақ халқының мәдениетіне, Қазақстан Республикасының этностары мен этностық топтарына құрмет көсетуге бағыттау.

5.         Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие. 

Мақсаты: кәсіби өзін-өзі анықтауға саналы көзқарасты қалыптастыру, экономикалық ойлауды және тұлғаның экологиялықмәдениетін дамыту.

6.         Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие. 

Мақсаты:  Жалпы мәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, жекетұлғаның өнер мен шынайылыққа эстетикалық объектілерді қабылдауға, меңгеруге, бағалауға дайындығын дамыту, оның ішінде "Ұшқыр ой алаңы" мектеп оқушыларының дебатты ққозғалысы" жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасын іске асыру арқылы білім беру ұйымдарындаполимәдени орта құру

7.         Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениетті тәрбиелеу. 

Мақсаты: әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндіктерін, көшбасшылық қасиеттерін және  дарындылығын, сондай-ақақпараттық, оның ішінде балалардың кибермәдениеті  мен кибергигиенасы бойынша мәдениетті дамытуды қамтамасыз ететін мотивациялық кеңістікті қалыптастыру , интернет-кеңістігіндегі мінез құлық мәдениетін, киберқауіпсіздік, қарым-қатынас мәдениетін, этикалық нормаларды сақтауды, қоғамға қарсы мінез құлықты қабылдамау мәдениетіне үйрету

8.         Дене тәрбиесі, салауатты өмір салтын қалыптастыру. 

Мақсаты: Салауатты өмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене және психологиялық денсаулықтысақтау, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтауды білу үшін кеңістік құру


Тәрбие жүйесінде басшылыққа алынатын құжаттар

Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар: 

  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы 

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;

  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IVhttps://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;
  • 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;
  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;
  • «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/.


2022-2023 оқу жылында еліміздің жалпы білім беретін мектептерінде «Құндылықтарға негізделген білім беру» жобасын жүзеге асыру арқылы оқытудың құндылықты-бағдарлық тәсілін енгізу тәрбие жұмысының ерекшелігі болып табылады. Аталған жобаның мақсаты: - білім алушылардың рухани-адамгершілік дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жалпыадамзаттық, ұлттық және отбасылық құндылықтарды дамыту; - білім алушылардың өзін-өзі тануын, өздігінен дамуын, әлеуметтік жауапкершілігін және әлеуметтенуін қалыптастыру; - экологиялық мәдениетін, салауатты және қауіпсіз өмір салтын тәрбиелеу.

Тәрбие жүйесін білім беру ұйымының ұжымы бірігіп жүзеге асырады. Білім алушылардың дамуы үшін жобаны жүзеге асыруға барлық қызметкерлер өз үлесін қосады. Жақсы қасиеттер «Мен айтқандай істе» тұрғысынан емес, «Мен сияқты істе» тұрғысынан берілуі тиіс. Өзінің өнегелі үлгісі негізінде баланы тәрбиелеу – мақсатқа жеткізетін бірден-бір дұрыс тәрбие көзі болып табылады. Бұл бағдарламаны білім беру ұйымы білім алушылардың ата-аналарымен, әлеуметтенудің басқа нысандарымен –білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тығыз байланыста және ынтымақтастықта тәрбие жұмысының негізгі бағыттары аясында жүзеге асырады:

       Сабақтан тыс қызметті ұйымдастыру Мектептің тәрбие жүйесінде білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесінің іске асырылуын қамтамасыз ететін сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау маңызды.

    Сабақтан тыс қызмет шеңберінде мынадай жобалар іске асырылуы мүмкін: 

 1) «Отбасы-орта мектеп»

 2) «Оқуға құштар мектеп»- 1-11 сыныптар

3) «Еңбек – елдің мұраты» - 5-7 сыныптар

 4) «Ерте жастан экологиялық мәдениет»  -1-4 сыныптар

5) «Қоғамға қызмет» - 8-11 сыныптар 

6) «Психологиялық қызмет және мектептегі татуласу қызметтерін ұйымдастыру», Осы жобаларды іске асыру білім алушылардың тәрбиелік, өмірлік кеңістігінің әлеуетін кеңейтуге, жеке тұлғаның өзекті қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыруға мүмкіндік береді. Жобаларды білім беру ұйымы білім алушылардың отбасыларымен, басқа да әлеуметтендіру нысандарымен – білім беру ұйымының әлеуметтік серіктестерімен тұрақты өзара іс-қимылда және тығыз ынтымақтастықта жүзеге асырылады. 

 Білім алушыларды тәрбиелеуге құндылықтық-бағытталған тәсілді іске асыру бағдарламасының материалдары Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының сайтында орналастырылған. (https://uba.edu.kz/qaz) Қазіргі уақытта «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы, мектеп парламенті, «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз» балалар қоғамдастығы оқудан тыс қызметті ұйымдастырудың табысты нысандары болып табылады.

1 ) «Ұшқыр ой алаңы»  6-8 сыныптар / жауапты Садирова М.С./

2) «Ұшқыр ой алаңы»  9-10   сыныптар / жауапты  К.Ж. Заитова/

3) «Жас Ұлан», «Жас Қыран», «Жас Сарбаз»   / жауапты педагог-ұйымдастырушы/

Тәрбие саласына қатысты қазақстандық және халықаралық мерекелер мен атаулы күндер:

10 тамыз  - ҚР   Үкіметінің қаулысымен Абай күні;

30 тамыз  - ҚР   Конституциясы  күні;

1 қыркүйек -  Білім күні;

5 қыркүйек – Қазақстан халықтары тілдері мерекесі күні;

10 қыркүйек - Отбасы күні;

15 –қыркүйек -  Денсаулық фестивалі. (1 аптасы.)

1 қазан - Қарттар күні;

4 қазан - Ұстаздар күні;

30 қазан  - Алкогольмен күрес күні;

28.10.- Еңбек күні.

15.10-15.11. Құқықтық тәрбие айлығы.

16.11-20.11. Мәңгілік Ел. ҚР Ассамблеясына 22 жыл

15 қараша -  Ұлттық валюта күні;

02.11.-07.11. Зорлық-зомбылықтың алдын алу.

 01.12. Дүниежүзілік адам имундық  тапшылық синдромымен күрес күні. СПИД-АИТВ алдын алу.

20 қараша – Балалар құқығы туралы Конвенция күні;

1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні;

10 желтоқсан - Адам құқығы күні;

16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні;

26.12 - 30.12. – Жаңа жыл.

10.01.-20.01. Қылмыстың алдын алу күні.

18 қаңтар – Тұмаудың алдын алу күні;

10.02-10.03. «Өмірге Иә деп айт!» Республикалық ақпараттық науқан

15 ақпан – Салауатты өмір салты күні;

15 ақпан- Кеңес әскерінен Ауғанстаннан шығарылған күні.

01.наурыз- Алғыс айту күні.

1 наурыз –  Азаматтық қорғаныс күні;

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні;

22 Наурыз – Наурыз  мерекесі;

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күні;

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні;

18 сәуір- Ескерткіштерді қорғау күні.

10 сәуір -21 сәуір аралығында «Қауіпсіз Интернет» атты Республикалық ақпараттық науқан

12 сәуір – Ғылым және Космонавтика күні;

1 мамыр- халықтар достығы және ынтымақтастығы күні;

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні;

9 мамыр - Жеңіс күні;

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні;

31 мамыр –Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні.

1 маусым  - Балаларды қорғау күні;

4 маусым – ҚР мемлекеттік рәміздер күні;


 Мектепте 1-11 сынып аралығында 41 сынып комплектісі бар, 1-4-сыныптарда 16 сынып, 5-9-сыныптарда 19 сынып, 10-11-сыныптарда барлығы 65 оқушы оқиды, даярлық сыныбы - 2. Тәрбие жұмысын тиімділікпен ұйымдастыру мақсатында мектепте сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігі жұмыс істейді. Сынып жетекшілердің барлығы жоғары білімді, бірлестік бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарды. Жыл бойы мектепте төмендегідей тақырыптарды қамтитын бес семинар өтті:

1. Тәрбие жұмысын жоспарлау;

2. Жасөспірімдер арасында ұшырасатын суицид көріністерінің алдын алу;

3. Тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттырудағы ата-аналар жиналысының рөлі;

4. Жалпыға құқықтық білім беру жұмысы;

5. Жазғы жұмыс және демалысты ұйымдастыру.

Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтыққа тәрбие және құқықтық тәрбие беру барысында оқушыларға ҚР мемлекеттік рәміздерін бағалап, ҚР Конституцияны құрметтеуге баулу жұмыстары атқарылды. Ана тіліне деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайту, өз құқықтарын мен міндеттерін біле келе жауапкершілікті сезіну, өз Отанының патриоты болуға тәрбие беру міндеттелді. Оқушылар мен мұғалім, ата-аналар арасында мектепте құқықтық жалпы білім беру жұмысы жүргізілді.

Қазақстан халықтарының тіл мерекесі, Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі күні, Қазақстанның киелі қасиетті жерлері, Отан қорғаушылар мерекесі, Жеңіс күні, Саяси қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні тақырыптарында мектепішілік іс-шаралар өткізілді.

Мектептің, ата – аналардың және жергілікті қоғамдастықтың бірлескен қызметін жоспарлап, ата – аналар мен жергілікті қоғамдастықты оқу сапасын, баланың қауіпсіздігін қадағалау мақсатында ата –аналарға педагогикалық лекторий 1 - 4 сыныптар «Отбасы ұлттың тірегі» тобына бастауыш сыныптардың мұғалімдері тарапынан «Келешектің тұтқасы- білімді бақытты ұрпақ», «Ер бала тәрбиесі- ертеңгі сәтті отбасының кепілі», «Діни экстремизмнің алдын алу», «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталады» атты тақырыптарында лекциялар оқылды.

«Жасөспірімдер арасындағы бұзақылық» тақырыбында мектеп ата-аналары арасында жиналыс өткізіліп, жиналысқа 120 ата - ана қатысып, ата-аналар комитетінің төрайымы А.Мамутова «Бала тәрбиесі жауапты іс», мектеп психологы Б.У.Алдажарова «Жанұя –шағын ұжым» атты баяндамаларын оқыды, ата-аналар өз ойларын ортаға салды.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істердің алдын алу мақсатында: «Мектептегі әлімжеттілік» тақырыбына 5-11 сынып оқушыларынан сауалнама алынып, қорытындысы бойынша мектепте жоғарғы сынып оқушылары арасында күш көрсететін, бопсалауға бейім оқушылардың жоқ екендігі анықталды.

«Зорлық- зомбылықсыз балалық шақ» атты онкүндік өткізілді. 5-8 сыныптарда «Өмірдің қауіпті өткелдері және оны жолдары» атты сынып сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптарда «Зорлықсыз әлемді бірге құрайық!» сынып сағаттары өткізілді.

«Ата Заңым – ардақтым» атты құқықтық білім беру апталығы өткізілді, 5-8 сыптарда «Мен және менің құқығым» , «Ата Заңым – ардақтым» «Ерлік-ел мұраты»,атты тәрбие сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптарында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!», «Жасөспірім және қылмыс», «Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы» тақырыптарында лекциялар оқылып, талқыланды.


Мұғалімдердің, психологтардың, мектеп инспекторының оқушылар арасында қауіпсіз қарым-қатынас орнату бойынша бірлескен жүйелі жұмысы жолға қойылған. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша педагогикалық ұжымның, оқушылардың алаңдаушылық деңгейін айқындау бойынша бірнеше жұмыстар атқарылды, мектепішілік есепте тұрған ерекше назардағы 3– оқушы мектептің қоғамдық жұмыстарына қатыстырылып, үйірме, спорт секцияларына тартылып үнемі назарда болды. Психологтар мен сынып жетекшісі тарапынан оқушыларға бақылау дәптері ашылып, сынып жетекшісімен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік педагог бірлесе отырып, отбасына зерттеу актісі толтырылды және жеке мінездеме жазылды. Кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі инспектормен бірлесе отырып әңгімелер жүргізіп, хаттамалары тіркелген. 10-11 - сыныптар арасында Шелек  АІІБ-нің ӘПБ-нің ЮПТ-нің инспекторы полиция капитаны Жумағулұлы Азаматтың қатысуымен «Өз құқығыңды білесің бе?», «Жасөспірім қылмыскер қайдан шығады?» деген тақырыптарда семинар өтті. Мектепте оқушылардың жүгінімдері мен ұсынымдарына арналған жәшік орналасқан және де мектепте түсінік беру стенды бар.

ҚР Рәміздерін бағалауға «Мемлекеттік Рәміздер - біздің еліміз бен егемендігіміздің мызғымас негіздерінің бірі» тақырыбы аясында мектепішілік жиын, «Рәміздерім-мақтанышым», «Егемен елдің Рәміздері-Заңмен қорғалады», «Көк байрағы желбіреп, тәуелсіздіктің таңы атты», «Мен Рәміздерді қастерлеймін», «Менің Рәміздерім- ұлт мақтанышы» әдеби-монтаж шаралары болса, «Отанымның көк Туы», «Елбасы таңдаған Гимн», «Елтаңба туралы білейік» тақырыбы аясында 2-5 сыныптар арасында танымдық сағаттары «Менің Отаным- Қазақстан», «Отаным-бақыт ордасы», «Қазақ елі- менің Отаным», «Мен Отанымның ұланымын» сияқты тәрбие сағаттары 6-8 сыныптарда, «Ата Заңым - ардағым», «Конституция сенің кепілің», «Заң баптарын білейік» атты тәрбие сағаттары 9-10-11 сыныптарында өткізілді.

АӘД пәнінің мұғалімі Әбілда Ернат Ерболұлы жетекшілік етуімен 10-11 сынып оқушылары ауданды әскери жарысқа қатысты. Сонымен қатар Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай еске алу іс-шарасы өткізілді.

Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу бойынша негізгі міндеті адамгершілік мінез-құлық әдеттерін, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ата-аналар балаларды рухани және материалдық ынталандыру жүйесін әзірлеу мен жұмыс істеуіне қатысты, жағдайға қарай оқушыларды жетістіктері үшін марапаттауға қатысады, оқушыларды білім алу ынтасын арттыру мақсатында ықпал етуші әңгімелесулер мен іс-шараларға тартылды. Осыған орай мектепте «Қыз баланың әдебі туралы тағы да бір сөз» тақырыбында семинар ұйымдастырылып, 9-11-сынып қыздарымен мен аналарына, қонақтар, гинеколог-дәрігер Э.Ашимова, ЗОЖ кабинетінің дәрігері Н.Саутова шақырылып өз кеңестерімен бөлісті.

Мектепте 1-қазан қарттар күніне «Қарттарым аман саумысың!?» тақырыбында ауыл қарттары мен зейнеттегі ұстаздарды мектепке шақырып мерекелік концерт ұйымдастырылды. 11 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен “Ұстаз болу – жүректің батырлығы» атты мерекелік концерт өткізілді.

Оқушыларды қайырымдылыққа, адамгершіллікке, жақсы үлгі өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу қасиеттеріне , мейірімділікке, тәрбиелеу мақсатында 1-4 сыныптарда «Адамгершілік дегенді қалай түсінесің?», 5-8 сыныптарда «Рухани бай адам ол қандай болмақ?», 9-11 сыныптарында «Қарттарым – асыл қазынам» атты тәрбие сағаттары өткізілді.

Мектептің өзін өзі басқару жүйесі әзірленді және бірқатар жылдар бойы қызмет етіп келеді. Мектеп әкімшілігі мектептің өзін өзі басқару жұмысына қолдау көрсетеді. «ЖАС ҰЛАН» ұйымының басшылығымен мектебімізде ”Жігіт сұлтаны” байқауы өткізілді. 

Ата-аналар балаларды рухани және материалдық ынталандыру жүйесін әзірлеу мен жұмыс істеуіне қатысып отырады, жағдайға қарай оқушыларды жетістіктері үшін марапаттауға, оқушылардың білім алу ынтасын арттыруға ықпал етуші әңгімелесулер мен іс-шараларға тартылады, мектеп Жарғысымен және ішкі тәртібімен белгілеген қағидаларды орындауға көмектеседі, мектепішілік іс-шараларды жоспарлау мен өткізуге және де ата-аналар жиналыстарына қатысады.

Мектептегі отбасы тәрбиесінің міндеті балалардың өз туыстарының кемшіліктеріне шыдамдылық көрсетуін қалыптастыру, өзін отбасының тең құқылы бір мүшесі ретінде сезінуіне, ересек адам ретінде отбасында пікір айта алуына дағдыландыру.

Осы бағыт бойынша мектепте көзделген төмендегі іс-шаралар іске асырылды. Жаңа оқу жылына жалпы ата-аналар жиналысында келісім-шартқа қол қойылды. Онда ата-аналардың, оқушылардың және мектептің міндеттері, құқықтары және жауапкершілігі туралы жазылып, түсініктемелері берілді. ИДН қызметкерлері Корамаев Ернұр оқушыларды қоғамдағы болып жатқан келеңсіз жағдайлардан сақтандыру мақсатында «Жасөспірім және қылмыс», «Біз және Заң» атты кездесу сағаттары өткізіліп оқушылардыі сұрақтарына жауап берді.

Ата – аналар оқу сапасын арттыру бойынша іс –шаралар өткізуге ат салысты, мысалы, бастауыштың 1 сынып оқушыларының қатысуымен «Тілашар», «Қош бол, Әліппем», мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып бала мен ата-ананың байланысы нығайды. «Отбасы жарастығы», «Әдептен озбайық» тақырыбында мектеп кітапханасында ата-аналар және балалар арасында әңгіме сағаттары өтті.

«Әрқашанда біргеміз» тақырыбында оқушылар ата-аналарымен түскен суреттерінен буклет жасап, фотогалереясын өткізді. «Қызғалдақ» қыздар ұйымы «Қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз» тақырыбы аясында конференция, «Сұлтан» ұлдар ұйымы басшылығында «Мен қазақтын ұлымын» тақырыбымен байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде, ата-анаға деген сүйіспеншілік сезімдері, отбасы шежіресін біліп-үйренуге, бір-бірін сыйлауға құлшыныстары оянды.

Ата –аналар мектепішілік іс-шараларды өткізуге, ата-аналар жиналыстарына қатысып, балалардың оқудағы жетістіктері ата-аналар жиналыстарында талданды және талқыланды. Мектептің ата-аналар комитеті құрылып, ол іс-шаралар жоспарын құрастырғанда ұсынымдар береді, оқушылардың салауатты өмір салты туралы түсініктерін қалыптастыруға қатысады; әкімшілікпен, оқушылармен, жергілікті қоғамдастықпен байланыс реттелді; оқушылардың бос уақытын ұйымдастыруға қатысты, мерзім сайын ата-аналар мен ұжымды демеушілік көмек туралы есептіліктен хабардар етіп отырды.

Ұлттық тәрбие. Қазақстан Республикасының22-қыркүйек Тіл мерекесіне орай «Ана тілім – ар намысым, қазынам» атты онкүндіктің іс-шара жоспары құрылып, мектеп директорымен бекітілді. Қазақ тілі, орыс тілі және шет тілі пән мұғалімдері ашық сабақтар беріп, сабақтан тыс іс-шараларын өткізді

«Қазақстан Халық Ассамблеясына – 20 жыл» тақырыптық көрме ұйымдастырылды. 1 наурыз Оқушылардың эстетикалық талғамы мен мәдениетін қалыптастыру мақсатында өзін – өзі тану пәні мұғалімдері «Рахмет айту» күні мерекесіне орай ашық сабақтарын өткізді.

5-8 сыныптарда «Халық даналығы – рухани байлық көзі», 9-11 сыныптарда Ұлттық идеология дамуының маңызды бағыттары болып саналатын өнер құралдары арқылы эстетикалық сана – сезім, көркемдік ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Ұлттық қолөнер туындылары – баға жетпес құндылықтарымыз» тақырыбында сынып сағаттары өтілді.


Көпмәдениетті және көркем- эстетикалық тәрбие бағыттары жаңа мазмұнда енгізілген бағыттар. Әлеуметтік –мәнді және жеке қасиеттерін қалыптастыру бағыты бойынша адам - ең жоғарғы құндылық екенін оқушыға түсіндіру болып келеді. Ең ұлы жеңіс өзінді-өзің жеңу, өзіне - өзі ие бола білген адам ғана барша жұрттан күшті. Әрбір адамның қоғамдағы алатын өзіндік мәртебесі, өз орны бар екеніне сендіру. Осыған орай бұл бағыттар бойынша жоспарға сай бірнеше жұмыстар қамтылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен М.Мақатаевтың туылған күніне орай әдеби - сазды кеш өткізілді. Мектебімізде «Оқуға құштар мектеп жобасы аясында» жүйелі түрде әдеби шығарманы сахналау, мәнерлеп оқу, эссе байқаулары өткізіліп тұрады.

Тұлғалық қасиеттерді анықтауға көмектесу, өзіне деген жауапкершілікті сезіне білуге баулу мақсатында мектеп кітапханашылары тарапынан ұйымдастырылған «Олар неге қорғансыз жандарға айналды» сұхбаты жоғары деңгейде өтті.

Мектебімізде қаңтар айында өткізілген «Көмек қолын соз» акциясында аз қамтылған отбасы балаларына мектеп ұстаздары тарапынан мектепке керекті құрал- жабдықтар, киім –кешектер берілді. Оқушыларда өз жауапкершілігін сезіну мақсатында 9-11 сыныптар арасында «Сен өзіңнің істегеніне жауаптысын» дөңгелек үстел, «Әдеп жолы әріден басталады» тәрбие сағаты өткізіліп , мектеп фойесінде «Сенім» жәшігі жұмыс істеп тұрды.

Нәтижесінде оқушы бойында өзіне-өзі сену, өзін көрсете білу, әдепті, кішіпейіл, адал т.б. жағымды қасиеттердің қалыптасуы нығая түсті.

Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие берудін міндеті табиғат тағдыры үшін тұлғаның жауапкершілік сезімін қалыптастыру, жанашырлық сезімін ояту,адам мен қоршаған ортаның біртұтастығын сана сезімдеріне дағдыландыру. Көгалдандыру айында мектебімізде ата – аналардың, оқушылардың, ұстаздардың көмегімен бірнеше жұмыстар атқарылды, мектептің алдына ағаштар,  көпжылдық гүлдер отырғызылды. Мектеп ұстаздары мен оқушылар мектеп ауласында, мектепке бөлінген аймақта сенбілік өткізіп ақтау, тазарту жұмыстары жасалып тұрды.

Еңбек, экономика және экологиялық тәрбие бағытындаміндеті нарықтық экономиканың негізгі заңдары жайлы білімдерін қалыптастыру, жасөспірімдердің өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын игере отырып көзделген мақсатқа жетуді, шыдамдылықты қалыптастыру болып табылады. Мектепте оқушылар «Шебердің қолы ортақ» тақырыбында қол өнер байқауын, «Менің таңдаған мамандығым» сұрақ- жауап кешін, «Мамандығым мақтанышым»кездесу сағатын өткізе отырып кітапханадағы ескі кітаптарды түптеп, беттерін түгендеу жұмыстарын, өз сынып бөлмелеріндегі мүлікке жауапкершілікпен қарап, «Бала тәрбиесі басынан, еңбекке баулу жасынан»тақырыбында тәрбие сағатың ұйымдастырды.


«Алғашқы экономикалық түсініктері» тақырыбы аясында 5-10 сынып оқушылары өздері орындаған жоба жұмыстары арқылы экономиканың тұстары туралы білімдерін көрсетті. Осы жұмыстар арқылы нәтижесінде алғашқы экономикалық түсініктері қалыптасып, еңбек ету құлшыныстары оянды. Ынтасы жоғары балаларды, сұраныстары ерекше балаларды, мәселелі оқушыларды уақтылы айқындау мақсатында пән мұғалімдері үнемі жұмыстар жүргізді. Ата-аналар комитеті мен әкімшілік, оқушылардың өзіндік басқару кеңесі, жергілікті қоғамдастық, құқық қорғау органдары арасындағы байланыс тығыз реттелген. Ата-аналар комитеті мектептің қоғамдық жұмыстарын ұйымдастыруға қатысып отырады.

Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін,көшбасшылық қасиеттерін және дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін уәждемелік кеңестік қалыптастыру мақсатында «Өзін-өзі басқару» күнін өткізіп, мектеп президентін етіп 11 «Б» сынып оқушысы Мансурова Айдана сайланды. Оқушылардың өзін –өзі тану қабілетін зерттеу мақсатында мектеп психологтары үнемі жұмыстар жүргізді. 1-4 сыныптар арасында әрбір баланы жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту мақсатында «Өзімді тану-өзгені тану» атты тақырыпта тәрбие сағаты, «Жеке қабілет және әлеуметтік мүмкіндіктің ашылуы» тақырыбында 5-8 сыныптарды сынып сағаттары өткізілді. 9-11 сыныптар арасында « Ақпараттық мәдениет негіздері» тақырыбында тәрбие сағаттары өтті.

5-9 сынып оқушылары «Сүйікті менің ісім» тақырыбында шығарма байқауы, «Мамандықтың бәрі жақсы...» 9-сыныпта әңгіме сағаты, «Кәсіп түбі нәсіп» 11-сыныпта пікірлесу сағаты, «Менің ата-анамның мамандығы» тақырыбында бастауыш сыныптармен танымдық сағаты өтті.

«Кім болам?» тақырыбы аясында 9 – 11 сынып оқушыларына институт, колледж мамандарымен кездесу сағаттары ұйымдастырылып, оқушылар түрлі сұрақтар қойып жауаптарын алды. Нәтижесінде оқушылар қазіргі заман талабындағы кәсіби мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті, жаңа мамандықтар туралы танысты. Сынып жетекшілердің ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары және ата –аналар мен бірлесіп Шелек ауылындағы колледждердің жұмысымен танысып, мамандықтары қазіргі заманға жоғары сұранысқа ие екенін көріп қайтты. Осы іс – шарадан кейін бірнеше таңдауын осы оқу орнына жасады.

Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес зияткерлік, мәдени-көпшілік және спорттық іс-шаралар жүйесі болды. Балалардың сыныптан тыс жұмысқа қатысуын ынталандыру жүйесі бар. Сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады және оқушы тұлғасын дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар мектепте 2 дебаттық клуб ұйымдастырылып, жетекшілері жас мамандар   Орысбек Ерасыл мен Садирова Мехрижамал тағайындалды. Клуб жетекшілері жылдық жоспар құрып, жоспарға сай әр жұма сайын дебат ойындарын , әр дүйсенбі дебат туралы сабақтарды өткізіп тұрды.

Дене тәрбиесі және салауатты өмір салтын қалыптастыру тәрбиесінде алға қойылған міндеті оқушы бойында теріс әсерлерге қарсы тура алу қабілетін қалыптастыру, дене еңбегі, психикалық, әлеуметтік және рухани аулық туралы түсініктерін қалыптастыру болып табылады. Осы міндетті орындау барысы бойынша жоспарда көзделген төмендегідей іс-шаралар өткізілді: «Денсаулық фестивалі - 2023», «Дені сау ұрпақ-елдің болашағы», спорттық ойындар, «Туберкулез қасымызда-сақтан» жазба жұмыстары. Мектебіміздіңспортшы оқушылары да әр түрлі спорт түрлерінен жарыстарға қатысып жүлделі орындар мен оралуда.


2022 – 2023 оқу жылындағы мектепішілік тәрбие жоспарының

орындалуы бойынша жасалған  SWOT талдау

2022-2023 оқу жылында мектепішілік тәрбие жоспары толығымен орындалды. Тәрбие жұмысының 8 бағыты бойынша атқарылған жұмыстарды мектебіміздің әлеуеттік желілері мен мектеп сайтынан көруге болады. SWOT талдау жалпы жұмыстың мықты жақтары мен әлсіз жақтарын, сонымен қатар мүмкіндіктер мен қауіп-қатер туралы жалпы мәлімет береді. SWOT талдау жыл бойы атқарылған жұмыстарды бақылап, саралап, салыстыру арқылы жүзеге асады.

S – strengths – МЫҚТЫ ЖАҒЫ

W – weaknesses – ӘЛСІЗ ЖАҒЫ


1. «Жас Ұлан», «Жас Қыран», Мектеп парламенті ұйымдары;

2. Қамқоршылық кеңесі;

3. Педагогикалық-психологиялық қызмет;

4. Әлеуметтік қызмет жұмыстары;

5. Қызықты, құнды іс-шаралар/мектеп әлеуметтік желілерінде/;

6. Мерекелік іс-шаралар (жас мамандар);

7 Еріктілер тобы;

8. Кітапхана жұмысы;

9. Мектеп асханасы

10. Мектеп парламенті

1. Ұшқыр-ой алаңы (дебат) қазақ және орыс тіліндегі топтар; 

2. Ту ұстаушылар тобы;

3.  «Адал ұрпақ» ұйымы
 4. Спорттық үйірмелер (шахмат, тоғызқұмалақ);

5. Сынып сағаттары;

6. Мектеп формасы;

7. Оқушылардың Мемлекеттік рәміздерге деген құрметі (Гимн орындалуы); 

O – opportunities  

МҮМКІНДІКТЕР

T – threats – ҚАУІП-ҚАТЕРЛЕР

1. Ата-аналармен жүйелі жұмыс;

2. «Әкелер мектебі», «Әжелер мектебін» құру;


1. Құқық бұзушылық (Электронды темекілер, девиантты тәртіп);


SWOT талдауымыздың«мықты жақтары» - әріптестеріміз бен мектеп ұжымының жасаған еңбектері, мектебіміздің мәртебесі, келбеті. Өз фукционалдық міндеттерін жоғарғы дәрежеде атқаратын, үнемі үлкен нәтижелерге қол жеткізетін өз әріптестеріміз. Алдағы уақытта шығармашылық табыстар тілейміз, дами беріңіздер.

Ұсыныстар:

«Әлсіз жақтары»:

1. Ұшқыр-ой алаңы (дебат) қазақ және орыс тіліндегі топтар жұмысын 

 барынша жандандырып, жалынды қайсар топ мүшелерін жинау;

- Топпен тығыз, белсенді, жүйелі жұмыс жүргізу;

- Аумақтық, аудандық, облыстық байқауларға белсене қатысу;

2. Жаңа 2023 – 2024 оқу жылының басына 9-10 сынып оқушылар арасында «Ту ұстаушылар» тобын құру, жоғарғы деңгейде дайындық жұмыстарын жүргізу;

2. 2023 – 2024 оқу жылында «Адал ұрпақ» тобын қайта құру ұсынылады. Топ жетекшісі мен топ мүшелері жылдық жұмыс жоспарын жүйелі құрып, белсенді жұмыс жасау;

3. Шахмат және тоғызқұмалақ ойындарын жүйелеп, жақсы көрсеткішпен нәтижеге жету жұмыстарын ұйымдастыру;

4. Кейбір сынып сағаттарының құнсыз ақпараттарынан сыныптағы оқушылардың арасындағы қарым-қатынастың әлсіздігі көрінеді. Сондықтан сынып сағаттарын алдын-ала жоспарлап өткізу;

5. Ата-аналармен тығыз жұмыс жасау нәтижесінде оқушылардың сыртқы келбетіне, яғни мектеп формасына оның ішінде «классикалық» стильге аса назар аудару "Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы;

6.  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 4 маусымдағы №258 Конституциялық заңы 9-бап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындау тәртібі. Әр аптаның дүйсенбі күні Мемлекеттік Гимн орындалу кезінде кешігіп келу рәміздерге деген құрметтің әлсіз екендігін көрсетеді. Сынып жетекшілеріне осы тақырыпта сынып сағаттарында түсіндірмелі жұмыс жүргізу ұсынылады.

«Мүмкіндіктер»:

1. Ата-аналармен жүйелі жұмыс жасау мүмкіндігін қайта қарастыру;

2. Мектепішілік аталар, әжелер, әкелер, аналар мектебін құру;

- оның  жетекшісін сайлау;

- жұмыс жоспарын құру;

- жоспардың нақтылығына, құндылығына мән беру;

- нақты жұмыстарды жүзеге асыру ұсынылады.


«Қауіп-қатерлер»:

1. Құқық бұзушылық бойынша әр сынып сағатында бірінші сұрақ ретінде жоспарлау, Онда құқық бұзушылықтың түрлері, олардың жазасы туралы түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу;

2. Қоғамдық орындарда темекі шегу, мектеп ішінде электронды темекілерді қолдану тәртіп пен ереже бұзушылық екендігі туралы оқушылармен түсіндірмелі жұмыс жүргізу ұсынылады.

ШЕШІМ:

1. Сынып жетекшілері 2023-2024 оқу жылында өз фукционалдық міндеттерін орындауда, тәрбие жоспарын құруда құндылықтарға назар аударылсын.

2. Құқық бұзушылық (электронды темекілер, девиантты тәртіп) бойынша білім алушылардың арасында дәрістер, дөңгелек үстел, пікір талап өткізілсін.

3.  Аумақтық, аудандық, облыстық, республикалық көлемдегі байқауларға аса үлкен дайындықпен қатысу мектеп рейтингін көтеру, бала ынтасын ашу болып табылады. Нәтижеге жұмыс жасалсын.

3. «Адал ұрпақ» тобы құрылсын. Жетекшісі қайта тағайындалсын.

4.  Мектепішілік аталар, әжелер мектебі құрылсын. Жетекшісі тағайындалсын.

5. Мектеп тәртібі мен ережесі қатаң түрде орындалсын.