Әлеуметтік педагогтың жылдық қорытындысы » М.Мақатаев атындағы орта мектеп
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімінің
"М.Мақатаев атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Әлеуметтік педагогтың жылдық қорытындысы
21
июнь
2023

Әлеуметтік педагогтың жылдық қорытындысы

«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 «М.Мақатаев атындағы орта мектеп»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі



Әлеуметтік педагогтың 2022-2023 оқу жылында атқарылған 

жұмысының

ЕСЕБІ


2022-2023 оқу жылында әлеуметтік педагогтің жұмысы мектептің әлеуметтік осал топтағы оқушыларына әлеуметтік-педагогикалық қолдау көрсете отырып, әлеуметтік теңсіздіктің алдын алу бағытталған.

Оқу жылының басында ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 №382 бұйрығына сәйкес әлеуметтік педагогтің жылдық жоспары құрылды. Жылдық жоспарға сәйкес әлеуметтік-педагогикалық жұмыс төмендегі алты бағыт бойынша ұйымдастырылды:

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу

II. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы

V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмыс

VI. Диагностикалау-талдау қызметі  

І. Сыныптарға, мектепке әлеуметтік паспорттауды жүргізу туралы:

Сынып жетекшілердің әлеуметтік зерттеулеріне сәйкес сыныптың әлеуметтік паспорты жасалынды. Сыныптардың әлеуметтік паспорты негізінде мектептің әлеуметтік паспорты жасалынды. Төмендегі кестеде 2021-2022 және 2022-2023 оқу жылындағы мектептің әлеуметтік көрсеткіштеріне сараптама жасалынды: 

Әлеумет-тік мәртебесі

Толық отб.

Толық емес отб.

Анасы жоқ балалар

Әкесі жоқ балалар

Көп балалы отб.

Аз қамтамасыз етілген отб.

Жетім бала-лар, ААҚҚ

Мүгедек ба-лалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар

2020-2021 оқу жылы

235\420

82/110

6/7

80/104

97\195

9/22

2\2

4\4

2021-2022 оқу жылы

237\425

89\113

6\7

81\105

103\211

15\33

3\3

5\5

Өсу динамикасы

2\5

3\3

0

1\1

5\16

6\11

1\1

1\1

Әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушылардың орташа өсу динамикасы 16.1 пайызды көрсетіп отыр. 

ІІ. Балалық шақтың құқығын қорғау жұмысы. Оқу жылында балалық шақтың құқығын қорғау бойынша бірнеше бағытта жұмыстар жүргізілді. Мектептің әлеуметтік желілерінде және мектеп сайтында балалардың құқығын қорғау бойынша жаднамалар мен материалдар жарияланды. Мектеп қабырғаларында сенім телефондары мен ақпараттық стендтер ұйымдастырылды. 

Білім алушылар мен ата-аналарға бала құқығының бұзылуы фактілері және басқа да мәселелер бойынша әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. 

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім алушылар саны – 3. Оқу жылында жетім және АҚҚ оқушылардың жәрдемақыларының мақсатты жұмсалуы, мүлкінің сақталуы бойынша жұмыстар атқарылды. Оқушылардың барлығы үй кезегіне қойылған. «29 қазан – Қамқоршылар күні» мерекесіне орай мерекелік шаралар ұйымдастырлып, оқушылардың қамқоршыларына қолдау көрсетілді.

Білім алушылардың сабаққа бармауының алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы жүзеге асты. Акция аясында әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға қаржылай және материалдық қолдау көрсетілді. Акция аясында қолдау көрсетілген оқушылардың көрсеткіші төмендегідей:


Саны (оқушы)

Сомасы

(теңге)

Қаржылай көмек алғандар 

93

3 441 000

Материалдық көмек алғандар (мектеп формасы, кеңсе құралдары және т.б.)

15

278 400

Жалпы

108

3 719 400

IІІ. Әртүрлі есепте тұрған оқушылармен жеке-профилактикалық жұмыс туралы. Мектебімізде әртүрлі есепте тұрған білім алушылар туралы сандық ақпарат төмендегідей:

Мектепішілік есепте тұрғандар – 5.

Тәуекел топтағы оқушылар – 2.

Аудандық ІІБ есебінде тұрғандар – 0.

Есепте тұрған оқушылардың үй-тұрмыс жағдайлары жасалынып, ата-аналарына әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. Оқушылардың есепке алынуының әлеуметтік себептерін анықтау мақсатында әлеуметтік сауалнамалар алынып, отбасыларына әлеуметтік-педагогикалық мінездеме берілді.

Балалардың есепке алынуының алдын алу мақсатында сынып жетекшілермен бірге «Бала құқығы», «Құқықбұзушылықтың салдары» тақырыптарында  түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

ІV. Педагогикалық ұжыммен және сыртқы ұйымдармен (кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлім, кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссия, қамқоршылық және қорғаншылық және т.б.) өзара іс-қимыл жүргізу жұмысы туралы. 

Мектеп ұжымының адамгершілік сау қарым-қатынасын қалыптастыру мақсатында «Қайырымдылық - жүректен» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясыында жиналған қаражат екі отбасына қаржылай қолдау көрсетуге жұмсалды.

Мектептің педагогикалық кеңесінде әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан білім алушыларға материалдық қолдау көрсету, жетім және ААҚҚ оқушылардың құқығының бұзылмауы, оқушыларды тегін жазғы қала лагерьмен қамту бойынша мәселелер қаралды.

Жетім және ААҚҚ оқушылардың алты ай сайынға есебі білім бөлімінің қамқоршылық және қорғаншылық бөліміне уақытылы тапсырылды. 

Мектептің Қамқоршылық кеңесінің отырыстарында мектеп қорына демеушілер және өзге де демеушілерден келіп түскен қаржылай көмекті үлестіру, №64 қаулыға сәйкес білім алушыларға қаржылай көмекті тағайындау және оқушылардың қала сыртындағы лагерьлерге жіберу туралы мәселелер қабылданып, шешімдер шығарылды.



V. Білім алушылардың ата-аналарымен (отбасыларымен) профилактикалық жұмысы туралы.

Білім алушылардың ата-аналарымен жұмысты үйлестіруде басымдық әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан оқушыларға берілді.

Өгей әке не анасымен тұратын оқушылардың үй-тұрмыс жағдайы және әлеуметтік ерекшеліктері баса назарға алынып, мектеп психологі оқушыларды өз бақылауында ұстап отыр.

48 ата-анаға түрлі мәселелер (қаржылай көмек алу, оқушыны лагерьмен қамту, бала тәрбиесі, мамандық таңдау, баламен қарым-қатынасы және т.б.) бойынша жыл бойы әлеуметтік-педагогикалық кеңес берілді. 

Тоқсан сайын өткізілетін ата-аналар жиналысына қатысып, мәселелі сұрақтарына жауап берілді. Мектепішілік жалпы ата-аналар жиналысында әлеуметтік мәселелер бойынша баяндама оқылды.

Ата-аналарға буллингтің алдын алу, мектептегі әлімжеттік бойынша жаднамалар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

VI. Диагностикалау-талдау қызметі туралы.

Мектептегі білім алушылардың арасында әлеуметтік мәселелерді зерделеу бойынша диагоностикалық-талдау қызметі жүргізілді. Оның ішінде, «Сыныптағы қарым-қатынас» семинары, «Мектептеегі оқу-тәрбие үдерісі» әлеуметтік сауалнамасы, «Мектептегі ыстық тамақ және буфеттік тамақтану» сауалнамасы алынып, нәтижелері шығарылып, қорытындыланды.

Білім алушылардың әлеуметтік картасы және отбасы картасы жасалынды.

2023-2024 жылы атқыралған жұмыстарға SWOT талдау


Күшті жақтары

W Әлсіз жақтары

Қайырымдылық айлығының тиімді ұйымдастырылуы.

«Мектепке жол» акциясы нәтижелі жүзеге асырылуы.

Зерделеу нәтижесіне сәйкес әлеуметтік педагогтың іс-құжаттарының талап сай жүргізілуі.

Диагностикалық жұмыстардың жүргізілмеуі.

O Мүмкіндіктері

T Қауіп-қатерлері

Өзін-өзі жетілдіру мақсатында біліктілікті арттыру курстарына қатысу.

Қайырымдылық шараларына демеушілерді тарту жұмыстарының нәтижелілігі.

Қамқоршылық кеңес жұмысының жүйесіздігі.

Оқушылардың сабаққа қатысуы бойынша сараптамалық-талдау жүйесінің әлсіздігі.


Жоғарыда атқарылған жұмыстар мен мектептің әлеуметтік көрсеткіштерін ескере отырып 2023-2024 оқу жылына төмендегідей жұмыстарды нығайтуды жоспарлаймын  :

  1. Мектепте атқарылатын әлеуметтік –педагогикалық жұмыстардың нәтижелілігін арттыру үшін «мектеп–ата–ана–оқушы» моделі негізінде жұмысты жандандыру;
  2. Сынып жетекшілерге ата–анамен дұрыс–қарым–қатынас орнату, диалогтың функцияларын дамыту мақсатында ақпараттық тұрғыда қолдау көрсету;
  3. Мектепте атқарылатын әлеуметтік –педагогикалық жұмыстарды цифрлық технологияларды қолдана отырып оңтайландыру. 




Әлеуметтік педагог                              Г.А.Илахунова